Пятница, 21 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге елге қайтарылды

Өткен күзде сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 100 млрд теңге қараша айында мектеп салуға жұмсалатын болады.

Шетелден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттар бұған дейін елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қатысты берілген тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, құзырлы органдардан ақпарат жариялауды талап еткен болатын.

Бастамаға қатысты бүгін Мәжіліс қабырғасында Қаржы министрі пікір білдірді. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жобасы бойынша қазір Бас прокуратура деректерді жариялауды қолға алған. Құзырлы орган мәліметінше, өткен күзде сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 100 млрд теңге қараша айында мектеп салуға жұмсалатын болады.

«Біріншіден, бұл ақпаратты Бас прокуратура беріп отырады. Ақпаратты ресми хабарлап отыратын бір орган болуы керек қой. Бас прокуратура дерегі бойынша, қазіргі күні 670 млрд теңге елге қайтарылған», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke