Суббота, 20 апреля, 2024

Басқада

Ресейдің «Вагнер» жасағының құрамына қосылған қазақстандық студент мәлімдеме жасады

Ол өз еркімен келгенін, ешкім ұрламағанын айтты. Бұл туралы  http://Qaz365.kz телеграм каналы жазды. «БАҚ-та Томск мемлекеттік университетінің студенті, яғни мені ұрлап кетті деп жатыр. Шамасы, бұл алаңдап, мазасызданып, мені кез келген жолмен осы жерден алып кеткісі келген анамның әрекетінен шықса керек. «Вагнер» ЖӘК компаниясына өз еркіммен соғысуға, арнайы әскери операцияға үлесімді қосуға келдім. Мен өзімді жақсы сезінемін, ұжым тамаша, өзімді таптым. Маған бұл жер ұнады. Психикалық және эмоционалды тұрғыда жағдайым жаман емес. Тағы да қайталаймын, мені ешкім ұрламады», — деді Бекенов.

Бұған дейін Қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ресейдегі Тамбов мемлекеттік университетінде білім алып жүрген 23 жастағы қазақстандық студенттің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұған түсінік берді.

«Қолымыздағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан азаматы «Вагнер» (ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым) жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігі осы азаматтың туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына ресми сауал жолдады. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланысып отыр», — деп жауап берді Айбек Смадияров.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/82050/

Жаңалықтар | Новости