Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

«Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» атты кездесу өтті

19 сәуір күні Қонаев қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы мектепте  «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» атты кездесу өтті.

Аталмыш іс-шара  сәуірдің 20-да  Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жалғасты.

Жас ұрпақтың өн бойына рухани, ұлттық тәлім-тәрбие сіңіру, жан-жақты  өсіп-өркендеуіне әсер ету, қызырлы туған жерлеріне  елжандылық қасиетін арттыру мақсатында, шешендік қабілеті дамыған әйелдердің, Аналар кеңесі көшбасшыларының қатысуымен  сұхбат сессиялар  жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараға Алматы облыстық «Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Марат Илипов, Алматы облысы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Шожыбаева, Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, кәсіби медиатор-бітімгер, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Бақыт Чингаева, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова және де басқа аудандардан Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің көшбасшылары, мектеп ұстаздары  қатысты.

Шара соңынан «Қоғамдық келісім» КММ директоры Марат Іліпов пен Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қадіржан Бағбаев Райымбек,Кеген,Ұйғыр   ауданындағы Аналар кеңесінің төрайымдарын марапаттап, сыйлықтарын тапсырды.

Сондай-ақ, Шонжы ауылындағы шекара әскери бөлімінің офицерлерімен де «Әскери қызметкерлер мен офицерлер жұмысының психологиялық аспектілері» тақырыбында  семинар өтті.    

Семинарды Қызылжар жері — Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласынан арнайы шақырумен келген клиникалық психолог, «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Резеда Баймухамбетова жүргізді.

Шонжы ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында «Бала тәрбиесінің психологиялық аспектілері және баланың табысты болуына ата-ананың әсері» тақырыбында семинар-тренингті клиникалық психолог Резеда Баймухамбетова  жүргізді.

Абай атындағы мектеп-гимназиясында мәресіне жеткен іс шара, Іле ауданында жалғасуда.

Жаңалықтар | Новости