Суббота, 25 мая, 2024

Басқада

spot_img

Туысын 2.5 миллион теңгеге алдаған әйел анықталды

    Шардара аудандық полиция бөліміне жетісайлық тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, туысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие» алып беремін деп сеніміне кіріп, 2.5 миллион теңге ақшасын алған. Алайда арадан бір жыл уақыт  өтсе де уәде етілген несиені де, ақшаны да қайтармаған. 

Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын әйел анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости