Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін салық салу туралы ұсынысқа Министрлік пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді. Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы бастамаға пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты білмейді. Алайда ұсыныс түссе қарастырылады.

«Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы — еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады», — деп жауап берді Жамаубаев.

Айта кетейік, шетелдіктермен некеге тұрған қыздарға салық салу туралы бастаманы Қарақат Әбден былтыр 11 қарашада Президенттікке кандидаттардың телевизиялық пікірталасы кезінде ұсынған болатын.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke