Воскресенье, 23 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында ғасыр жасаған қарт жауынгерлер бас қосты

Алматы облысында ғасыр жасаған қарт жауынгерлер бас қосты. Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді. Бүгінде Алматы облысында Ұлты Отан соғысына қатысқан 10-ақ ардагер қалған. Соның бірі – Шәйке Ыдырысов. Қария биыл 99 жасқа келіп отыр. Ғасыр жасаған майдангер 17 жасында соғысқа аттанып, жаяу әскер қатарына алынған. Ұрыс даласында бірнеше рет жараланса да, ерлігімен көзге түсіп, Белоруссия, Пруссия және Калининградты азат ету шайқастарына қатысқан. Батыр атамыз «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» медальдарімен марапатталған. Кеудесі орденге толы қарт майдангер жастарға батасын берді.

«Балаларым, жұртым, елім мерекелеріңмен! Сендер мені сыйлап шақырдыңдар, көп рахмет! Тілектеріңе, аңсаған армандарыңа жетіңдер. Мен көрген соғысты, қорлықты көрмеңдер, тек жақсылықты көріңдер. Бейбіт заман болсын, ел іргесі берік болсын. Жұмыста, кәсіпте жетістікке жетіңдер. Жеңіс күні тек біздің мереке ғана емес, қайтадан зұлмат, соғыс болмасын дегенді де білдіреді», -деді ҰОС ардагері Шәйке Ыдырысов.

Жеңіс күніне орай, арамызда қалған ардагерлер бір дастархан басында бас қосып, ерлікпен қаза тапқан майдандастарын еске алды. Олардың көзсіз ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге. Ұрпақтың алаңсыз өмір сүруі қан майданда аянбай жауға қарсы соғысқан жауынгерлерлің көзсіз ерлігінің арқасы. Күн сайын саны азайған қарияларға кәсіперлер құрмет көрсетті. Шараны ұйымдастырған меценат Данияр Нұрбаев қарияларға алғыс айтып, қаржылайда сыйлық берді. Алматы облысын газдандырумен айналысатын кәсіпкер ардагерлердің үйіне көгілдір отын кіргізуге де көмектескен. Ол ардагерлерге, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.Оның сөзінше, бүгінде санаулы ғана соғыс ардагерлері қандай құрмет көрсетуге де лайықты. Соғыс ардагерлеріне қанша алғыс айтсақ та, қандай көмек кқрсетсек те көптік етпейді.

«Сіздердің еңбектеріңіз ерен, қандай құрметке де лайықтысыздар. Бұл кісілер сол кезде жап жас болса да, жаумен аянбай соғысып, жеңіспен оралған аталарым ғой. Сол үшін міндетті түрде құрметтеуім керек, қолдауым керек. Олардың ерлігі ұрпаққа өнеге. Отан алдында борышын қанмен өтеген, кеудесін оққа төсеген сіздердің батырлықтарыңыз ешқашан ұмытылмайды»,- деді» Тәуекел газ» ЖШС басшысы Данияр Нұрбаев.

Соғыс ардагерлерінен бөлек тылда еңбек еткен ардақты аналарға да сый-құрмет көрсетілді. Кәсіпкер батыр бабаларға мемлекет қана емес, кез келген азамат қол ұшын созып, үнемі көңіл аудару керек деп санайды. Кеудесі орденге толы ардагерлер батасын беріп, жастардың тәуелсіз ел іргесінің берік болуы үшін ерінбей еңбек ету керектігін айтты. Ардагерлер соғыстан жаралы қайтса да ұзақ жыл түрлі салада қызмет атқарып, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Алматы облысында небәрі он ардагер қалса, Жетісу облысында фашистерге қарсы соғысқан батырлардан тек сегіз адам ғана ортамызда жүр.

«Соғыс басталғанда мен бес жаста болыппын. Балалық шақты көрмей, ерте есейдік. Ұйқымыз қанбай, аналарымызға көмектесіп, егістікте жұмыс істедік. Жеңіс күні жеткенше біз аш-жалаңаш, тамаққа тоймай жүрсекте жұмыс істедік. Ерте есейдік. Бүгінгі ұрпақ соғыс көрмесін. Қарияларды ұмытпай қошемет көрсетіп, еңбегімізді ескеріп жатқан азаматтарға алғыс.Батамызды бердік. Жүз жасаңдар, біздің жасымызға жетіңдер»,- деді тыл ардагері Сабира Жақанова.
Қарияларға бас тартып, салтанатты құрмет көрсеткен кәсіпкерлер ардагерлердің мәселелерін де тыңдады. Жастары жүзге жетсе де әлі үйсіз жүрген ардагерлер де бар болып шықты.

«Ұжым болып ардагерлерге құрмет көрсеттік. Алдағы уақытта да оларға жан-жақты қолдауды, ықыласымызды аямауымыз керек. Жыл сайын саны азайып келеді. Жасы жүзден асқан қарттарды да шақырдық. Олардың естеліктерін өз ауыздарынан естіп, тыңдау да бүгінгі ұрпаққа бақыт», — деді кәсіпкер Данияр Нұрбаев.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke