Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында 105 ұлттың өкілі тату тәтті өмір сүріп жатыр

Бүгінде Алматы облысында 105 ұлттың өкілі тұрады. Олардың барлығы дерлік қазақ жеріне бауыр басып, тілі мен ділі біте қайнасып кеткен. Тіпті тілі басқа болса да қазақша сайрап, ұлты неміс болса да көкпар тартып жүргендері де жетерлік. Бұл жүзден астам ұлттың бір атаның баласындай тұрмыс тіршілігі жарасып, жер жаннаты Жетісу жерінде тату тәтті ғұмыр кешіп жатқанының көрінісі.

Атап өтер жайт, елімізде өмір сүріп жатқан ұлдардың ешқайсысы дерлік нәсілдік кемсітушіліке ұшырап немесе қағажу көріп те жатқан жоқ. Барлығының тіліне құрметпен қарап, мәдениетін сақтауға көңіл бөлінуде. Соның айқын мысалы Алматы облысында 35 этномәдени орталық, 373 жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйым тіркелген. Одан бөлек Алматы облысының 11 «Ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлестігі, 35 жастар бірлестігі, 17 бұқаралық ақпарат құралдары, 7 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс істейді екен. Олардың барлығында ұлттардың қалауына құрметпен қарап, тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалған.

Осы орайда атап өтер жайт, «Келісімде өмір сүретін ел бай» деген қағиданы ұстанған елімізде ұлттардың татулығы алдыңғы орында. Еліміздегі барша ұлттың баласын ортақ құндылықтар: адамның қадір-қасиеті мен амандығы, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы мен дәстүрлер, болашаққа ұмтылу біріктіреді. Және басты ұстаным ретінде қабылданып, басымдық берілген. Осы түсіністік аясында өз келісімі мен бірлігімізді сақталған еліміз біртұтас Қазақстан құра алып отыр.     

Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, түрлі шаралар өткізіліп, ұлттардың өзара түсіністігін нығайтады.

Сондай-ақ қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп, ай сайын Алматы облысының барлық аудандар бөлінісінде әлеуметтік шиеленіс картасы жаңартылып отырады. Соның арқасында еліміздегі барлық ұлттар өзара түсіністікте жылдар бойы тату тәтті өмір сүріп келеді.

Еркенұр Қонысбай

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke