Воскресенье, 28 апреля, 2024

Басқада

«Киноға түстім». Нұрлан имам күтпеген жаңалығын бөлісті

Әлеуметтік желі арқылы халық арасында танымал болған Нұрлан имам ел күтпеген жаңалығын бөлісті. Ол «Түнгі студия» бағдарламасында киноға түскенін жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имамның сөзінше, кино болсын, қандай сала болса да дінді насихаттауды мақсат тұтады.

«Бір киноға түстік. 11 мамырда премьерасы. «Күйеуіме тоқал іздеймін» деген бір киноға түстім. Енді ол жерде эпизодтық қана бөлім. Маған біреулер «бір күні базарға барып айтатын шығарсың» дейді. Базар тұрмақ, моншаға барып айтуға дайынмын. Керек болса, тап сол жерде тұрып та дінді насихаттауға дайынмын. Өзім түсіремін деп (киноны — еск.) айта алмаймын», — деді имам.

Жаңалықтар | Новости