Суббота, 11 мая, 2024

Басқада

Алматы облысындағы жантүршігерлік улану дерегі: аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды

Алматы облысында дәрігерлер уланып қайтыс болған отбасынан жалғыз аман қалған әйелдің жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1985 жылы туған әйел 4 мамырда Қарасай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасына түскен.

«Диагнозы — белгісіз затпен ауыр улану. Жүргізіліп жатқан емдеу аясында жағдайы жақсарды. Өздігінен тыныс алады. Бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр», — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әкесі мен төрт баласы тамаққа уланып қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтар | Новости