Суббота, 25 мая, 2024

Басқада

spot_img

1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Business.enbek.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Грантқа кімдер қатыса алады?

Көп балалы тұлғалар (көп балалы жәрдемақы алушылар);
Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі;
Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар;
Мүгедектер;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар;
Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.
Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын.

Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023

3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023

4- легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді.

Грант алудың негізгі шарттары:

  • Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);
  • Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату;
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.

Жаңалықтар | Новости