Четверг, 23 мая, 2024

Басқада

spot_img

Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы бола ма? Министрлік өкілі жауап берді

Бұған дейін әлеуметтік желіде биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы болмайтыны туралы ақпарат тараған еді.
 
Әр мектеп соңғы қоңырау салтанатты шарасын өткізу туралы шешімді дербес қабылдайды, деп мәлімдеді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, деп хабарлайды Informburo.kz.

«Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрін қолдайды. Дегенмен министрліктің осыған дейінгі жылдардағы да, қазіргі уақыттағы да нормативтік құжаттарында мұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін жеткіземіз», – деді вице-министр.

Шолпан Каринова министрліктің салтанатты шараны ұйымдастырғысы келетін мектептерге шараны 1 маусым – балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты шарасы болмайтыны туралы ақпарат тараған еді. 

Сонымен қатар вице-министр бітіруші түлектерді аттестат тапсыру бойынша салтанатты шаралар өткізілетінін айтты. Министрлік бұл шараларды 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынады. 

«Мектептерде салтанатты шараларды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, не болмаса аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді жалдау үшін және педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сыйлық жасау бойынша қаражат жинауға тыйым салынатынын қатаң түрде жеткіземіз», – деп ескертті Шолпан Каринова.

Жаңалықтар | Новости