Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Ақтөбедегі дүрбелең: тегін донер таратқандар қалай жазаланғаны айтылды

Полицейлер Ақтөбеде тегін донер таратқандар қалай жазаланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін итеріп, жапатармағай тегін асқа ұмтылған сәтінен түсірілген видео тарады.

Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан шараға жиналған адамдар қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.

«Шараға жүздеген жастар жиналып, бір-бірін таптап өтуге шақ қалды. Бақытымызға қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтып, кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды», — деді облыстық ПД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, уәде етілген тегін донер жиналғандардың барлығына жетпеген, өйткені акцияға үш жүзге жуық адам жиналған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke