Пятница, 14 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Барыс орнына жарнама: Алматы әкімі Ерболат Досаев даулы муралдарға қатысты сұраққа жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде муралдарға қатысты жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Тұрғындардың бірі әкімнен «мурал төңірегіндегі дауға байланысты қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма» деген сұрақ қойды.

«Муралдарға қатысты мәселе, егер оларға ресми мәртебе берілмесе, шешілмейді. Қазір Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталып жатыр, онда муралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуге тиіс», — деп жауап берді Алматы әкімі. 

Сондай-ақ, әкім даулы Coca-cola жарнамасына қатысты мәселеге пікір білдірді. 

«Өкінішке қарай, Coca-cola жарнамасына қатысты мәселе ЖПБ салдарынан болған, өкілдер өзара шартқа қол қойып, қосымша 1,5-2 миллион теңге алады, ал компания үйдің қабырғасында жарнама орналастырып, оны «біздікі» деп хабарлаған. Расында да, бүгінде муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ», — дейді ол. 

Ерболат Досаев муралдарды заңдастыру керегін алға тартты. 

«Қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болғандар да бар. Олар қаланы безендірмейді. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Біздің қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғалары түрлі түске толы болуы үшін суретшілермен жұмыс істейміз. Мен бұған көмектесуге дайынмын», — деді ол. 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke