Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні рас па?

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиісті өзгерістер қаулыға енгізілмеген.

«ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады», — деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke