Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр

Алматы облысында жастар саясаты баты назарда. Бүгінгі күні облыс бойынша 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны – 422 428 адамды құрайды. Биыл облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 458,8 млн.теңге қарастырылған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 61,9 млн.теңге бөлініп, оның ішінде 36 млн.теңге жастар саясатын дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген. Алматы облысында 1 облыстық, 9 аудандық жастар ресурстық орталықтары123 ауылдық округте әдіскер нұсқаушы жастар саясатын жүзеге асыруда.

2022 жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 6,9%-ды немесе 15-28 жас аралығындағы жастар санынан 232 307 адам немесе 16110 адамды құрады,  олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған. Облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда.

Осыған сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әдіснамасы негізінде «NEET-жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесі әзірленіп, нәтижесінде 803 жас тіркелді.

Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастардың бастамаларын қолдау және NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бөлімі» құрылды. Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспар шеңберінде салалық басқармалармен бірлесіп NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстың жаңа форматы қалыптастырылды. Атап айтқанда, жоспарға келесі іс-шараларды іске асыру енгізілді: Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі де жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы 150 млн. теңге бөлініп, 1365 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Өңірлік деңгейде облыс әкімінің қолдауымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы іске асырылуда. Осы мақсатқа 15 млн. теңге бөлінді. 2022 жылы 5 бағыт бойынша 1 млн.теңгеден 15 грант тағайындалды.

Облыста жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау жастары» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру үшін 60 жас азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 600 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі шарттары: 0% — бастапқы жарна, 5% — қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кредит мерзімі 25 жылға дейін. 1-30 қараша аралығында құжаттар қабылданды. Барлығы 1374 өтініш түсті.

2023 жылы бұл мақсатқа 3,6 млрд.тенге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Жастарға арналған шаралар да жиі өтіп тұрады. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында облыс әкімі М.Е.Сұлтанғазиев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлерімен кездесіп, 1 млн. теңгеден сертификаттар табыстады. Шара туралы жарияланымдар өңіріміздің БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды. 27 қаңтар күні ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі А.М.Омарова Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

16 ақпанда облыс әкімдігінде Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Алматы облысындағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Жастарға бағытталған мұндай шаралар жыл аяғына дейін жалғасын табады.

Қуаныш Ермекова

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke