Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында еріктілер саны артып келеді

Алматы Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес Алматы облысында 373 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 253 Қоғамдық бірлестік, 120 Қоғамдық қор қызмет атқарады.

Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін 62 млн. теңге қаржы қарастырылған. Алматы облысында қайырымдылық жұмыстары да жиі жүзеге асып жатады.

Жалпы 2023жылдын I тоқсанында: 429 – жеке тұлғаларға, оның ішінде  250 – аз қамтылған отбасыларға, 4 — мүгедек, 11 – жалғыз басты қарт адамдарға – 6 млн. 365 500 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Аталған кезеңде Алматы облысының «Қоғамдық келісім» жанындағы Еріктілер орталығы 539 адамды қамти отырып, 17 іс – шара өткізді. 2023 жылдың басында еріктілер қозғалысының белсенді мүшелерінің саны – 380 адам құрады.

          «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Алматы облыстық  ҚХА мүшелерімен этномәдени бірлестіктерінің үйымдастыруымен Түркия еліндегі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас халықтарға  көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша: 28 331 100 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, және де 16 жүк көлік гуманитарлық көмек жіберілді. Сонын ішінде: Түрік «Ахысқа» этномәдени орталығының жетекшісі Гвиняшев Рафик Яшаоглы өз атынан  507000 теңге жиберді.Ұйғыр этномәдени орталығы азық –түлік,киім-кешектен басқа Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының жеке счетіне 1.005.000 теңге жіберілді. Тәжік этномәдени бірлестігі сбор ашты, 1 342 000 тенге 25 сағат ішінде жиналды.Сонымен қатар этномәдени орталықтардан атап айтқанда түрік, күрд ЭМО — нан гуманитарлық және қаржылай көмек жіберілді

Қуаныш Ермекова

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke