Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Полицейлер 45 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды ұстады

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ер адамды анықтады. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген тұрғынды Шымкент қаласынан ұстады.
Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрады.
Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді, банк кодтарын өзге біреуге беруге болмайды. Сақ болыңыздар!

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke