Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев өртеніп кеткен аумақтарды тікұшақпен аралап көрді

Алматы облысының ТЖД, өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен бірге 22 маусым-2 шілде аралығында өртеніп кеткен «Іле-Балқаш» резерватының аумағын тікұшақпен аралап шықты.

Тікұшақта Марат Сұлтанғазиев ТЖД маманымен өртке қауіпті маусымдағы іс-шаралар, орман шаруашылықтарындағы қазіргі жағдай туралы талқылады.

Облыс әкімі барлығы 1380 шақырым жерді аралап көрді. Ол тиісті мамандарға облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, қорғау және өрттен сақтау туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, Іле-Балқаш резерватының аумағында 22 маусым күні қамыс жанып, 2 шілде сағат 07:40-та сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы — 6200 га.
Одан кейін 6 шілде күні сағат 21.00-де Балқаш ауданы Қараой ауылынан 30 км жерде, Іле-Балқаш резерваты аумағындағы жекелеген аралдарда қамыс өртене бастады. Өрт 2 кордонда орын алды. 9 шілде сағат 18.10-да өрт ауыздықталып, 10 шілде сағат 11.24-те сөндірілді. Қызыл жалынның қанша аумақты алғаны әзірше белгісіз. Өртпен күреске 30-ға жуық адам, 13 техника жұмылдырылды.

ТЖД мамандары тұрғындардан демалыс кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke