Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты

Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Оқиға Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында салынып біткеніне бір-екі жыл болған су жаңа үйлердің бірінде болған. Бұл — қалада жеделсатыға байланысты болған алғашқы жағдай.

Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Алайда бірінші қабаттағы лифтінің есігін зейнеткер қалай ашқаны белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke