Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қонаев қаласының дәрігерлерінауқасқа бір мезгілде үш ота жасады

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігерлері Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Қизатов Айдос Талапұлы бір мезгілде қала тұрғынына үш бірдей ота жасады: Эндоскопиялық аппараттың көмегімен TOUPET әдісімен лапароскопиялық фундопликациясы артқы круроррофиясымен, іштің алдыңғы қабырғасының ойық герниопластикасы және холецистэктомия. Дәрігер-хирург Асқар Маратұлы Тұрарбековтың айтуынша, ішек ойық жарығының – асқазанның патологиялық ұлғайған өңеші арқылы енетін бөлігінің диафрагмасының үстінде орналасқан ауру, бұл қыжыл, төс сүйегінің артындағы түтіктің ауырсынуы сияқты жағымсыз белгілердің пайда болуына әкеледі, сонымен қатар, симптомдары көп, созылмалы түріне ауысуы да мүмкін. Ал созылмалы холецистит кезінде майлы тамақ ішсеңіз болды, оң жақ қабырғаның асты ауырып, жүрек айнуы байқалады. Бұл симптомдарға мән берген өте маңызды.
Жоғарыда көрсетілген ота жасау әдісі төменгі өңеш сфинктерінің жұмысын күшейтетін манжеттің өңеш шеңберінің 270 ° бөлігінде ғана қалыптасып, оның алдыңғы бетін бос қалдыруымен ерекшеленеді. Бұл өңеш — асқазан түйісуінің жұмысындағы барлық физиологиялық механизмдерді бір уақытта сақтауға мүмкіндік береді және асқазанның мазмұнын қайта қайтарылуын болдырмайды.
Сонымен қатар, негізгі ота кезінде науқаста кіндік жарығы анықталды. Ол уақыт өте келе асқынуға, ойықтың қысылуына және тіндер мен мүшелердің некрозының дамуына, жедел ішек өтімсіздігіне әкелуі мүмкін еді.
Бір мезгілде үш сәтті ота жасалған науқас өзін жақсы сезінуде және үйіне оралуға дайындық үстінде.
Ота жасаған екі дәрігер де жақында Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің жетекші дәрігерлерінен тәжірибе өтіп келген болатын.
Айта кетейік, мұндай оталар Қонаев қаласында сәтті жасалып келеді.

Жаңалықтар | Новости