Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Түркістан облысындағы қаралы жағдай: тоғызыншы адамның денесі табылды

Түркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен тоғызыншы адамның денесі табылды, — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 11 адамның ішінде үшеуі — әйел, алтауы — кәмелетке толмаған бала. Олар судан шығарылған. Енді 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткені, құтқарушылар 6 мәйітті тапқаны хабарланған еді. Кейінірек тағы 2 адам табылды. Сондай-ақ, 11 адамның өліміне қатысты тың дерек шықты. 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke