Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Әкімшілік әділет институты халық үмітін ақтады

Соңғы кездері елімізде сәтті жүзеге асқан реформалардың бірі Әкімшілік әділет институтының қалыптасуы болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істегелі еліміздің заңнамасындағы барлық қайшылықтар жойылып, түсініспеушіліктер азайғанын атап өткен болатын. Ендеше аталмыш заңның қоғамымыз үшін қаншалықты пайдалы болып отырғанына сараптама жасай кетсек: бір анығы әкімшілік әділет институты қолданысқа енгелі бері өзінің қоғамға пайдалы екенін анық көрсетті.

Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетсек, Әкімшілік әділет институты қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер арасында қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңіліс тапса, ал бүгінгі таңда мұндай істердің 55 пайызында кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіліп жатқаны байқалып отыр. Шыны керек бұрын мемлекеттік органдар мен жекелеген азаматтардың құқықтық деңгейі бірдей бола бермейтін. Көп жағдайда шала сауатты жекелеген адамдар мемлекеттік органдардың дайын заңгерімен немесе дауласуға заңдық тұрғыдан қаруланған заңдық мекемемен мүмкіндігі сәйкес келе бермейтін.

Бүгінде мұндай істердегі жеке ұйғарымдардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Осындай қатаң бақылаудың нәтижесінде азаматтарымыздың құқығы өз деңгейінде қорғалуда. Алматы қаласы Әуезов сотының судьясы Қалима Дуанбекова «Қазір соттар мен сот қызметкерлеріне қатысты түрлі шаралар да көбейген. Мәселен былтыр біздің соттарымызда «ӘРПК: әкімшілік істерді қараудағы практикалық мәселелер» тақырыбында арнайы семинар өткізіліп, білікті мамандардың озық тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік алдық. Өзара тәжірибе алмасып, білгенімізді байытуға тырыстық. Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың қатысуларымен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер өткізіп, өзара саланың түйткілдерін жиі талқыға салатын болдық. Сондай-ақ «Тәуелсіз елдің адам құқықтарын қорғау бағытындағы реформалары. Әкімшілік әділет» атты құқықтық-профилактикалық конференция да бірнеше рет өтізілді. Мұның барлығы мамандарымыздың біліктілігін күшейтіп, білімін екшеуге мүмкіндік берді» дейді. 

Атап өтер жайт, бұрын осындай кезде судьялар өз пікірін білдіріп, білгенімен бөлісуге қолы байлаулы болса, қазіргі таңда Әкімшілік әділет институтының арқасында судьяларға біршама мүмкіндік беріліп отырғанын қуана айта кетуіміз керек. Судьяларымызға еркіндік, тәуелсіздік беріп, халықтың құқығын қорғауға барынша мүмкіндік берілген бұл жаңа жүйеге халықтың артар үміті зор болып отыр. Қарапайым халық пен мемлекеттік орган бір бірімен соттасқан жағдайда осы Әкімшілік әділет институты арқылы қаймықпай кез келген азамат өз құқығын қорғай алады. Ал бұрын бұл көп жағдайда қол жетпес армандай, мүмкін емес нәрседей көрінетін. 

Қазіргі таңда Әкімшілік әділет реформасын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында түрлі бейнероликтер де дайындалып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілген. Яғни бұл жүйені кеңірек білу үшін халық арасында ақпараттандыру жұмыстары көп жүруде. Соның арқасында қазір халық өз құқығын қорғауына мүмкіндік туып отыр. 

Атап өтер жайт Әкімшілік әділет институтының енгізілуі халықтың құқығының көбірек қорғалып, көпшіліктің еліміздің сот жүйесіне сенім артуына да ықпал ете түсті. Сондықтан халықтың Әкімшілік әділет институтына қатысты пікірі оң! Жалпы елімізде соңғы кездері жасалып жатқан реформалардың қай қайсысы болмасын халық сеніміне лайық болуға тырысатыны байқалып отыр. Бұл бүгінгі сот жүйесінің басты артықшылығы деп айта аламыз!

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke