Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма?

Қазақстанға шетелдік банктер келсе, арзан несиелер бола ма? Бұл сұраққа Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент Қазақстанға үш шетелдік банкті тартуды тапсырды. Шетелдік ойыншылардың келуіне байланысты қазақстандықтарға арзан несие бола ма? Мысалы, 1 пайыздық ипотека?», — деп сұрады журналистер.

«Жаңа банк келсе де, ол елде қалыптасатын базалық мөлшерлемеге қарайды. Ол экономикадағы ақшаның құнына назар аударады. Шетелдік банк келіп, ресурстарды әртүрлі мөлшерлемемен ұсына бастайды деп күту — олай болмайды. Экономикадағы ақша құны және кез келген жағдайда ол базалық мөлшерлемеге қарайды», — деді Әбілқасымова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke