Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Сарыағаштық полицейлерге қызметтік автокөліктің кілті табысталды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Сарыағаш АПБ-нің мәжіліс залында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиында полиция подполковнигі Е. Бейсебаев жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Уақытпен санаспай Отан алдындағы борышын, ел алдындағы міндетін адал атқарып жүрген бір топ полиция қызметкерлерін марапаттады.
Сонымен қатар ата заңымыз айшықталған мерекеде Түркістан облысы Полиция депаратаментінің бастығы полиция генерал майоры М. Қабденовтың бұйрығымен сарыағаштық полицейлерге 3 дана қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды
Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Салтанатты шара соңында полицейлер сап түзеп, шеруге шығып, жаңа автокөліктермен жүріп өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke