Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге тыйым салынды

Тыйымды елемегендерге 617 түрік лирасы (шамамен 10 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Шектеу шаралары қоғамдық тәртіпті жаппай бұзудан кейін енгізілген, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, бұл жаңа тыйым емес, тек қолданыстағы заңды ескерту, кейінгі кездері бұл ереже сақталмай кеткен. Оның айтуынша, әйелдер тіпті түнгі уақытта саябақтар мен жағажайда еш қорықпай жүруіне болады, өйткені қауіпсіздік күшейтіледі.

Тыйым салу туристерге де жергілікті тұрғындарға да қатысты екенін айта кету керек. Ережеге сәйкес мынадай жерлерде алкогольдік сусын ішуге тыйым салынады:

  • саябақтар мен бақтар;
  • жағажайлар;
  • ашық теңізде;
  • жағалаулар;
  • пикниктер мен демалыс орындарында

Алайда мекеменің алкоголь сатуға рұқсаты болған жағдайда, бұл тыйым жүрмейді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke