Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары газдан уланған

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары табиғи газдан уланған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 қыркүйекте кешке Ақтөбе облысының Кеңқияқ, Саркөл және Шұбаршы ауылдарының тұрғындары газдың өткір иісіне жаппай шағымдана бастаған.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, Шұбаршы газ тарату станциясындағы газ ысырмасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін жүйеге өткір иісі бар «Одарант» газы қосылған.

Видео кадры

Түнде Кеңқияқ ауылының тұрғындары үйде дем алу мүмкін болмағандықтан, отбасы мүшелерімен бірге далаға шыққан. Газдың қатты иісінен ауыл тұрғындарының басы айналып, тамағы қышып бастаған.

Ресми деректерде газбен уланудың салдарынан Кеңқияқ ауылының ауруханасына сегіз адам жүгінгені айтылды. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы өкілдері олардың арасында жүкті әйел мен кәмелетке толмаған балалар бар екенін нақтылады. Облыс әкімдігі толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Жаңалықтар | Новости