Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус бірнеше көлікке соғылды

Жол апаты сағат 12:50-де Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Жол жиегінде тұрған 79-маршруттағы автобус өздігінен артқа жүріп, төрт көлікке соғылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды.

Алматы қалалық ПД өкілдерінің мәліметінше, KIA көлігіндегі жолаушы дене жарақатын алған.

«Бұл деректі Бостандық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алды. Мән-жай анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтар | Новости