Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы Целиноград аудандық емханасының директоры Дәурен Сибанбаев Қазақстандағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында Сибанбаев елдегі орташа жалақы жыл сайын өсетінін айтты.

«Қазір бізде университетті бітірген жалпы медицина дәрігерінің орташа жалақысы — шамамен 382 мың 489 теңге. Бейінді маманның орташа жалақысы — 288 мың 367 теңге, ал жалпы тәжірибелік медбикенің орташа жалақысы — 246 мың 347 теңге. Бұл — негізгі орташа жалақы. Содан кейін бұл сомаға жұмыс тәжірибесі мен санатына қарай тағы қосылады», — деді Дәурен Сибанбаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырған болатын.

Жаңалықтар | Новости