Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Әкімдік экс-мәжілісмен Мәди Ахметовтің жаңа лауазымға тағайындалуына қатысты сұраққа жауап берді

Әлеуметтік желіде Мәжілістің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына орналасуға дайындалып жатқаны туралы хабар тарады. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселе бойынша әкімдіктің баспасөз қызметі пікір білдіруін сұрады.

Баспасөз қызметі мәліметінше, бұл позицияға орын бар. Алайда кандидаттар туралы әлі ақпарат жоқ. Бұрынғы мәжілісменнің жаңа лауазымға тағайындалғаны туралы ақпарат расталмады.

«Қазір бұл дерек расталмайды», — деп жауап берді әкімдік.

Реклама

Тілші бұл сұрақты Ахметовтің өзінен білуге тырысты, алайда материалды дайындау кезінде экс-депутат сұрауға жауап бермеді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke