Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Есік қаласында көп пәтерлі жалға берілетін үй пайдалануға берілді

«Конституция күні» мерекесіне орай Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспанасы мәселесі ушығып тұрғын дәл қазіргі кезеңде бұл жаңалықтың маңызы зор. Әсіресе соңғы жылдары облыс аумағында қоныс тебушілердің санының айтарлықтай өсіп келе жатқанын ескерсек, жаңадан берілген пәтер талай жанның қуанышына себеп болары анық.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов жиналғандарды «Конституция күнімен» құттықтап, салтанатты түрде қоныс аударушыларға кілттерін табыс етті. Жаңа қоныстанушылар ішіне жетім балалар, көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар кірді. Ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте 4717 адам тіркелген. Алдағы уақытта олардың барлығын қуанту міндеті тұр. Әсіресе облыс көлемінде демографияға дем берілуі облыс халқының санын ұлғайта түсті. Алдағы уақытта университтердің көшірілуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы да тұрғындар санына әсер етпек.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында алдағы жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына  арналған 675 жалгерлік  тұрғын үй сатып алу және 105,1 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде: Еңбекшіқазақ ауданы бойынша — 50 тұрғын үй сатып алу және Есік қаласында үш 30 пәтерлі, бір 40 пәтерлі тұрғын үй, Шелек ауылында екі 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтеріп 2024 жылы қолданысқа берілетінін атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен аудан әкімі Алтай Досымбаев лентаны салтанатты түрде қиып, жаңа қоныстанушыларды қуанышты оқиғамен құттықтап, әр отбасына бейбітшілік, жақсылық пен амандық тіледі.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша  ағымдағы жылы 811 мың шаршы метр баспана құрылысын салу жоспарланған.  Қазіргі таңда  584,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жылдық жоспардың 105,4 пайызын құрайды, оның ішінде: Еңбекшіқазақ ауданы бойынша халық есебінен 34,581 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бюджет есебінен 120 пәтерлі 3 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Алдағы уақытта облыс аумағында әлі де болса салынатын үйлердің қатары жетерлік. Әсіресе жаңа аудандардың қосылуы облыстың тіршілігіне ғана емес, көркіне де дем береі анық. Демек облыс халқын да сүйіншілейтін жаңалықтар көп болмақ.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke