Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Мемлекеттік қызметкерлер арасында футболдан турнир өтіп, полицей ойыншы «Үздік сұрмерген» атанды

Түркістан облысы әуесқой футбол лигасының ұйымдастыруымен «Қызмет лига-2023» жарысы өткізілді. Жасыл алаңда өткен спорттық сайысқа мемлекеттік мекемелердің атынан 11 команда бақ сынасты. Жарысқа аудан әкімдігінің экономика, білім, жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық бөлімі мен спорт мектебі, аурухана, ҚазТрансГаз филиалы қызметкерлері қатысты.
Тартысқа толы мемлекеттік қызметкерлердің ойынында қақпаға ең көп голды полицей салды. Яғни полицейлер командасындағы Келес аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Бибарыс Қанатбекұлы Жүзтай 21 рет гол соғып, «Үздік сұрмерген» атанды.
Марапаттау рәсімінде әуесқой футбол лигасының директоры Ердос Туктабаев полиция капитаны Б.Жүзтайға арнайы кубок пен мадақтаманы салтанатты түрде табыс етті.
Үздік полицей: «Қылмыспен тиімді күресу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін полицейлерге спортпен шұғылдану қажет, өйткені спорт төзімділік, күш пен ептілік қабілетін дамытады»-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke