Среда, 29 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қазақстанда зейнеткерлер саны артты

Қазақстанда зейнеткерлер саны артты, яғни 2,3 миллион адамнан асты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл — кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанда зейнет жасындағы халық біртіндеп өскені байқалады.

Ал Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі бар.

Бірінші деңгей:

Зейнет жасына толған азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі. Ол 2005 жылы егде жастағы тұрғындардың табысын қамтамасыз ету құралдарының бірі ретінде енгізілген.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы.

Екінші деңгей (міндетті) — қызметкерлердің жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен БЖЗҚ-дан (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) зейнетақы төлемдері.

Үшінші деңгей (ерікті) ЕЗЖ (ерікті зейнетақы жарналары) азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілікке шақырады.

Осылайша, ең маңызды нәрсе — жинақтау. Қарапайым сөзбен айтқанда, адам неғұрлым көп жинаса, қартайғанда алатын зейнетақысы соғұрлым көп болады. Бұл халықтың болашағына жауапкершілік жүктейді.

«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 16,4 трииллион теңгеге жетті, бұл былтырғыдан шамамен 20 пайызға (немесе 2,7 трлн теңге) көп. МЗЖ арқылы зейнетақы жинақтары бір жылда 19,5 пайызға өсіп, 15,8 триллион теңгеге жетсе, МКЗЖ шеңберінде зейнетақы жинақтары бір жылда 27,8 пайызға өсіп, 517 миллиард теңгеге жетті. Бұл ретте ЕЗЖ есебінен үнемдеу 57,8 пайызға өсіп, 4,5 миллиард теңгеге жетті», — делінген басылым мәліметінде.

Жаңалықтар | Новости