Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Атырауда Әнұранды құрметтемеген әскери қызметкерге 172 мың теңге айыппұл салынды

Атырауда әскери қызметкер Қазақстанның әнұранын құрметтемегені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

16 қыркүйекте Атырау облысы Мақат ауданында «Зарница» әскери-спорттық ойыны басталарда Мемлекеттік Гимн орындалған. Сол кезде бір әскери қызметкер оң қолын жүрек тұсына екі саусақпен қойып, Әнұранға құрматсіздік танытқан. Осыған байланысты, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталық облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады.

Яғни, Әнұранға құрмет көрсетпеген азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы («ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу») 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрапты.

«Е-Өтініш» жүйесіне тіркелген шағым полиция департаментінде қаралды. Кінәлі азамат анықталып, оған заңға сәйкес әкімшілік айппұл салынды, — дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.

Осылайша, кінәлі тұлға 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 172 500 теңге айыппұл арқалап отыр. Егер оны бір апта ішінде төлеп үлгерсе, тек жартысын ғана өтейді. Ал, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының директоры Руслан Хамзаның айтуынша, осыған ұқсас жағдай осыдан төрт жыл бұрын да болған екен.

«Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасында шағын футболдан ашық турнир өткен болатын. Жарыстың басында ҚР Әнұраны орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына қоймаған, яғни, мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетпеген еліміздің екі азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылды. Оларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды, — дейді ол.

Жаңалықтар | Новости