Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Министр Астана-Алматы тасжолының сапасы үшін кешірім сұрады

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана-Алматы тасжолындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғаны үшін кешірім сұрап, кешігу себептерін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер министрден Астана-Алматы тасжолындағы проблемалардың себебі неден туындағанын сұрады.

«Тағы да кешірім сұраймын, бұл шынымен де ұзаққа созылған құрылыс жобасы. Мәселе мердігерлік ұйымдарда жатыр. Біз халықаралық қаржы институттарының қаражатын пайдаландық. Бас мердігерлердің проблемалары болды. Бұл мәселелер реттелді», — деді Қарабаев.

Реклама

Министрдің айтуынша, Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша жалпы жол жүру биыл, ал пайдалануға беру келесі жылы қамтамасыз етіледі.

«Биыл Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша біз қозғалысты қамтамасыз етеміз. Бірнеше учаскелерді қоспағанда, жалпы алғанда 946 шақырым, 795 шақырым жол бар, бірақ айналма жол қарастырылған белгілі бір учаскелерді қоспағанда. Келесі жылы пайдалануға беруді қамтамасыз етеміз», — деп сендірді министр.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke