Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қос полицейдің қырағылығы арқасында таңғы сағат 06:00-да шыққан өрттен бір отбасы мүшелері құтқарылды

Тәулік бойы тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету бағытында қызмет ететін тәртіп сақшыларының әрбір күні түрлі оқиғаларға толы. Осындай кезекті жұмыс күнінде Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Бағлан Жүнісов пен полиция аға лейтенанты Жұмағали Алякбаров, тұрғын үйден өрт шығып жатқанын байқайды. Нақтырақ айтсақ, таңғы сағат 06:00 шамасында патрульдеу қызметінде жүрген полицейлер тұрғындары шырт ұйқыда жатқан үйдің отқа оранып жатқанын көріп, бірден өрт сөндірушілерді шақырып, өздері уақыт жоғалтпай көмекке асыққан. Полицейлер өртеніп жатқан тұрғын үйдің сыртқы есіктері құлып болғандықтан, шатыр арқылы үйдің ауласына асып түседі. Содан дереу қою түтін болып басталып, арты алапат алауға айнала бастаған үйге кіріп кетеді. Полиция қызметкерлері орын алған тілсіз жаудан тұрғындарды аман алып шығу үшін, сондай-ақ үйдің үлкен азық-түлік дүкенінің жанында орналасқанын ескеріп, өздерінің өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, бастарын тәуекелге тікті.
Яғни үйге кіріп, барлық бөлмелерді қарап шығып, көк түтінге тұншығып жатқан анасы мен екі баласын табады. Тұрғындарды тез арада көтеріп, сыртқа қауіпсіз аймаққа алып шығады. Артынша өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жетіп, өртті ауыздықтады. Ал жедел жәрдем қызметкерлері өрттен зардап шеккен әйел мен оның ұл-қызын тексеріп, алғашқы көмек көрсетті. Тілсіз жаудың электр сымдарының тұйықталуынан орын алғаны анықталды. Бүгінде тиісті мамандармен тексеру шаралары атқарылуда.
Өз кезегінде жергілікті тұрғын қырағылық танытып, дер кезінде көмек көрсеткен полицейлерге шынайы алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke