Жексенбі, Ақпан 25, 2024

Басқада

Несиесін төлеу үшін алаяқтық жасаған

Арыс полициясына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни өзінің танысы «теміржолшы етіп жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, 1.700.000 теңгесін алған.
Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаның бір бөлігін несие жабуға, қалғанын өзіне қажет заттар алуға пайдаланған.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости