Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Тоқаев Путинді әуежайдан күтіп алды

РФ басшысы Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді, — деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke