Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

 «МУЗЕЙДЕГІ СОЛ БІР КЕШ» ШАРАСЫНА 500-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТ ЖИНАЛДЫ

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Мемлекеттік орталық музейі министрлікке қарасты оқу орындарымен бірлесе отырып, Студенттер күніне орай «Музейдегі сол бір кеш» мәдени-танымдық кешін өткізді.

   Шараны Орталық музей директоры Рашида Харипова және жобаның бас серіктесі Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлім басшысы Нұрлан Қайырбекұлы салтанатты түрде ашып, студенттер қауымын айтулы мерекемен құттықтады. Ал кештің құрметті қонақтары —  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Болат Әбділмановпен және ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, еліміздің түрлі сахналарында 200-ден астам театр қойылымдарын жүзеге асырған Қазақстанның белгілі сценографы Есенгелді Тұяқовтармен кездесу ұйымдастырса, кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері  Қанат Исламұлы шараға арнайы қатысып, жастарды рух беретін жалынды сөздерімен қанаттандырды.     

500-ге жуық студент жиналған кештің көркін қыздырған «Домбыра пати» сайысы. Сайысқа қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Біржан сал домбыраларының көшірмелерінде ойнау мүмкіндігіне ие болды. Ал «Ойшылдар алаңы» ғылыми-танымдық ойынында жастар тапқырлықтары мен терең білімдерін паш етті. Жоғарғы оқу орындары студенттерінен құрылған КВН командалары да «Музей кубогы» үшін бақтарын сынайды.  

Студенттер үшін арнайы дайындалған фотоаймақта суретке түсіп #Орталық_музей, #Музейдегі_сол_бір_кеш хештегтерін белгілеу арқылы ерекше сурет ұсынған студенттер және зияткерлік ойындарға, байқауларға қатысқан жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен «Ашық қор» және «Антропология» залдарына тегін билеттер ұсынылды.

Мерекелік кеш соңы жастарға жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты.  

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke