Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Полицейлер діни әдебиетті заңсыз сату фактісінің жолын кесті

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында діни әдебиеттерді тиісті рұқсатсыз, яғни заңсыз сату фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ полицейлер облыс орталығы базарларының бірінде діни сипаттағы 13 дана кітапты тиісті рұқсатсыз сату дерегін айқындады. Тәркіленген әдебиеттерді Түркістан қаласының Дін істері басқармасына сараптамаға жіберді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасымен «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke