Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

БОЛАШАҚ ПОЛИЦИЯ МАМАНДАРЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсеновтың нұсқауына сәйкес, болашақта ішкі істер органдарында қызмет атқаратын кадрлық IT-мамандарды даярлау мақсатында Полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті техникалық факультетінің 3 және 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бек Талғатұлы Шамиль «Бұл тәжірибе жастарымызға жаңа тенденциялар мен өз мамандықтарын одан әрі зерттеуге деген ұмтылыс беріп, алдағы уақытта өз ісінің нағыз мамандары болып қалыптасатынына үміттенеміз»-деп өзінің пікірін білдірді.

Жедел басқару орталығына келген студенттерге Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері ІІМ-нің қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы «цифрлық шешімдерімен» және ІІО – дағы ІТ мамандарының жұмысының маңыздылығымен таныстырды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асыруға шақырды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke