Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Полицейлер тұрғындарға жадынама таратты

Созақ ауданы полицейлері Ағымдағы жылғы 25 қарашасынан 10 желтоқсанға дейін «Зорлық -зомбылықсыз 16 күн белсенділік» республикалық акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта Созақ аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова, Әлеметтік психологиялық сүйемелдеу қызмет маманы Тайбек Нұрханмен бірлесіп маңызы зор шара ұйымдастырды.

Аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі, іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық 100 дана жадынамалар таратты.
Өз кезегінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін байқасаңыз, немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне, немесе дағдарыс орталығына хабарласыңыздар деп ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke