Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Денсаулыққа қарай 10 000 қадам»: полицейлер, депутаттар мен еріктілер спорттық марафонға қатысты

Бүгін облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, яғни облыс әкімдігінің қолдауымен «2023-2025 жылдарға арналған есірткі және нашарқорлық бизнесіне қарсы» кешенді жоспардың тапсырмаларын орындау мақсатында спорттық шара өтті.

Ауқымды шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде облыстың, Түркістан қаласы, Сауран ауданы мәслихатының депутаттары, спорт саласының қызметкерлері, «Аманат» партиясының өкілдері, ардагерлер, полиция қызметкерлері, еріктілер мен жас белсенділер қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында облыс әкімі аппаратының басшысы
Еркеғали Әлімқұлов, одан бөлек Түркістан қалалық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Сауран аудандық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Сержан Байысбаев сөз алып, марафонға қолдау білдірді.

Марафонға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Ж.Бүркітбаев, «Денсаулыққа 10 000 қадам» акциясының негізгі мақсаты-жұртшылықтың назарын есірткімен күреске аудару, салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамыту, спорттық орта қалыптастыру. Осы бастама бүгін жүзеге асып, жаяу жүру арқылы белсенділікті арттыруға ұйытқы болудамыз. Шараға үлес қосқан әрбіріңізге рақмет!»-деп атап өтті.

Шара соңында межеге жеткен белсенділерге акцияға қатысқаны үшін «Сертификат», естелік сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде марафонды ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жалғасы болатынын атап өтіп, барша тұрғындарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke