Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

МАҢЫЗДЫ ЖОЛДА ӨЗГЕ КӨЛІКТЕРГЕ АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗҒАН 19 ЖАСАР ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында, тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оған қоса әлеуметтік желілерге де үнемі мониторинг жүргізеді. Яғни, Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіден екі жолақты жолда авариялық жағдай туғызып, қос сызықты басып өткен көлікті анықтады.

✅Жол ережесін бұзған «ВАЗ-21060» маркалы көлігінің жүргізушісі жергілікті тұрғын, 19 жасар жігіт болып шықты. Полицейлер құқық бұзушы жас жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды сотқа жолдады. 

   Сот 19 жасар жүргізушіге жарты жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke