Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

60 жастағы ішкі істер органының ардагері Әлем және Азия чемпионы атанды

Жетісай ауданының Құрметті азаматы, ішкі істер саласының қылмысты іздестіру бөлімінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде зейнетке шыққан ардагер Сапар Оразбекұлы Сүлейменовтың спорт саласындағы жетістіктерін мақтанышпен жеткіземіз.

Полиция қызметкері бола жүріп, спортты серік еткен ардагеріміз қарттық жеткен шағында да, қалыс қалмай, ауқымды додаларда бақ сынап келеді.

Мәселен Қарағанды қаласында өткен «World Cup» яғни «Алтын батыр» кубогі бойынша Әлем чемпионатына қатысты. Спорттың 100 түрінен өткізілген бұл жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 1200-ге тарта спортшы жарысқа түсті.

Осы әлемдік сайыста Сапар Оразбекұлы спорттың пауэрлифтинг пен стритлифтинг (ауыр атлетика) түрінен 90 келі салмақта өнер көрсетіп, айқын басымдықпен Әлем чемпионы атанды.

Сапар Оразбекұлының тағы бір жетістігі 6 тамыз күні ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысып, жүлделі І-орынды жеңді.

Бүгінде ардагер, өзі қызмет еткен Түркістан облысы Жетісай ауданының полициясындағы жас мамандарға тәлімгерлік жасап, жұмыс барысындағы өзінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыстық істерді жедел ашуға көмектесуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke