Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

АЯЗДЫ КҮНДЕРІ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Ә.Садықов және полиция лейтенанты өздеріне бекітілген Д.Қонақбаев аумақты патрульдеу кезінде ауа райының аязды болуына байланысты қолайсыз жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетті.
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері түнгі уақытта О.Жарылқапов көшесі бойында жүре алмай тұрған “Opel vectra” маркалы автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан екі тәртіп сақшысы жедел жүргізушінің жанына жетіп, бұзылған жерін жөндеуге көмектеседі.
Яғни, автокөлік иесі жұбайымен бірге Түркістан қаласына Қызылордадан келген қонақтар екені белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің бұл ісіне тәнті болған жолаушылар алғыстарын жаудырды.
Түркістан облысының полицейлері барлық көлік жүргізушілеріне ұзақ жолға шықпай, өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke