Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Қазақтың Сары тентегі». Қуаныш Мақсұтовтың шығармашылық кеші өтеді

Астанада ақындар айтыстарындағы батыл да шыншыл қоғамдық-саяси ойлары үшін  «Қазақтың Сары Тентегі» атанған ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың Қуаныш Мақсұтовтың 60 жас мерейтойына орай шығармашылық кеші өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісіТекст:

Астанада ақындар айтыстарындағы батыл да шыншыл қоғамдық-саяси ойлары үшін  «Қазақтың Сары Тентегі» атанған ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың Қуаныш Мақсұтовтың 60 жас мерейтойына орай шығармашылық кеші өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

Іс-шара аясында ақынның «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапта ақынның поэзиясымен қатар, бардтық туындыларының, шансондарының, авторлық әндерінің мәтіндері және көсемсөздері топтастырылған. Оқырман кітаптағы QR-код арқылы автордың музыкалық туындыларын тыңдап, ақынның жеке YouTube арнасындағы ақпараттармен таныса алады.

Сондай-ақ, осыдан он жыл бұрын ақынның «Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық туындылары мен шансондарының альбомы да жарық көрді. Осы атаумен ақынның шығармашылығынан сыр шертетін поэтикалық-музыкалық қойылым қойылады. Қойылым Музыкалық жас көрермен театры сахнасынд өнер ошағы әртістерінің қатысуымен өтеді.

«Қуаныш ақынның өлеңдерінде, жырларында бүгінгі күннің әлеуметтік шындығы, қоғамның бейнесі жатыр. Қазіргі махаббат та, қазіргі адамдардың жансарайын жалаңаштау да бар. Сонысымен мені тартады. Адамның жанын ешқандай бояумен бүркелемей, шыңғырған шындықты жеткізу – ерекше құбылыс. Менің ұғымымда айтыстан басталып, жазба поэзияға жалғасқан, кейін әнге ұласқан Қуаныш ағаның шығармашылығы — мен үшін жиырмасыншы ғасырдың аяғы, жиырма бірінші ғасырдың басындағы бір құбылыс. Сондықтан оның шығармашылығын көбірек насихаттап, өскелең ұрпаққа көбірек дәріптеу керек. Сонда таза, саф өнердің қандай болатынын, жалпы біздің бұрынғы дәстүрлі ән мектептеріндегі сал-серілердің болмысы қандай болғанын көрсете аламыз. Ақындық, сазгерлік және орындаушылық секілді үштаған өнердің бір арнада тоғысуы сирек кездесетін жағда», — дейді  «Мәңгілік мұңның әуені» поэтикалық-музыкалық қойылымының қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.        

Кітаптың тұсаукесері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 20 желтоқсан, сағат 12.00-де, ал қойылым Музыкалық жас көрермен театрында 19:00-де жалғасады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke