Воскресенье, 12 мая, 2024

Басқада

Талғат Сақан, кәсіпкер: «Сен — болашақ миллионерсің деді»

  • Адам әншілік, суретшілік қабілетпен туылуы мүмкін. Бірақ бизнесмен болып туылмайды. Кәсіпкерлік жүре қалыптасады. Бизнес әлеміне сіз қалай келдіңіз?
  • -Кәсіпкерлікке студенттік шағымда келдім. Ол кезде Семейде экономист-финансист мамандығы бойынша колледжде оқитынмын. Қасымдағы балалармен шемішке сата бастадық. Кейін жеміс-жидек, көкөніс қосылды. Осылайша алғаш рет ақшадан ақша жасауды үйрендік. Ең алғашқы табысым әлі есімде, төрт мың теңге болатын. Маңдай термен тапқан алғашқы еңбекақым… Қатты қуанғанмын.

-Кез келген ұсақ сауданы ірі кәсіпке айналдыруға болады. Сіздің тәжірибеңізде бұл қалай жүзеге асты?

-Ірі кәсіпкерлікке жетуге дейін талай жолдан өттім ғой. Мен кім болмадым? Грузщик те болдым, аула да сыпырдым, қарауыл болып жұмыс істедім. Үйдің үлкені болған соң, ата-анама, бауырларыма көмектесемін деген жауапкершілік болды. Ешқандай жұмыстан арланған емеспін. Оның бәрі тәжірибе. Кейінірек нағыз алыпсатарға айналдым. \күліп\ Машина… пәтер алып саттым. Автомойка салдым. Квартиранттарға тұрақ салдым. Қойшы, әйтеуір, әртүрлі бизнестің басын шалып жүрдім. Ақша жан-жақтан келе бастады. Бәрі жақсы, жағдай түзелді. Бірақ бірнәрсе жетпейді. Кәсіпкерліктің келесі деңгейіне көтерілу үшін білім жетпей тұрған екен ғой. Бірақ мен оны сол кезде білген жоқпын. Тек қана ой мазалай берді. Жүйелі бизнес бастауым керек деген…  «Не бастаймын?», «Не жасаймын?» деп бас қатырумен болдым. Ақыры интернетке «бизнес бастау» деп жаздым. Ахметбек Нұрсила ағам атып шықты. Сөйтіп, сол кісінің алдына барып, сабақтарын оқи бастадым.

-Демек сіз де бизнес-тренерлердің көмегіне жүгінген болып тұрсыз ғой. Қазіргі уақытта инфосығандар, инста аферистер деген түсінік бар. Бұл жөнінде пікіріңіз…

-Иә, қазіргі уақытта тренерлерді, түрлі коучтарды алаяқ деп айыптап жатады. «Осындай аферистерге неге барады? Өздерінің ақылы жетпей ме? Бастары жоқ па?» деген пікірлерді көп оқимын. Мен айтар едім, өзін ақылдымын, білімдімін деп санайтын адам ешқашан өспейді. Адам өле-өлгенше білім алуы керек. Иә, өз бетінше кітап оқуға болады. Бірақ тәжірибе деген болады. Мысалы, сіз жолға шықтыңыз делік. Жолды мүлде білмейсіз, адасып, өз бетіңізше жол іздеп жүрсіз. Оған қаншама күшіңіз бен уақытыңыз кетеді. Ал егер сол жолдан өткен адам сізге жөн сілтесе, мәселе жеңілдейді. Берген бағыт-бағдары бойынша зырылдап көздеген жерге жылдам жетіп барасыз. Бизнестегі ұстаз пен шәкірт ұғымы да осылай.

-Талғат мырза, сіздің қарызыңыз 80 млн. болған екен. Қарызға қалай кірдіңіз? Қалай құтылдыңыз? Сол туралы айтып берсеңіз.

-Қолма-қол алған қарыздарым 80  млн.-ды құрады. Одан бөлек банкке 70 млн.-дай қарызым болды. Оның бәрі сол бизнесімді дамыту үшін тартқан инвестицияларым еді. Ол кезде сол алғашқы автосалонымды ашқан кезім. Бірақ бизнес мен ойлағандай жүрмеді. Керісінше минусқа кете бастадым. Инвесторларға уақытында ақшаны қайтара алмадым. Депрессияның көкесі басталды. Жан-жақтан хабарласып, қарыз қысып барады. Не істеймін? Неден қате кетті? Тау жаққа жалғыз кетіп қаламын да, ойланамын. Не дұрыс емес? Ақыры түсіндім. Кәсіпкердің жолында түрлі құлдырау мен өсулер болады. Яғни, кез келген дағдарыстан дұрыс сабақ алып, біліміңді арттырсаң, онда ол дағдарыс сен үшін өсу серіппесі болады. Сол кезде мен тағы да білімімді арттыру керегін түсіндім. Осыған дейін алған білімдеріммен осы жерге келіп тоқтағанымды сездім. Енді ары қарай жылжу үшін жаңа багаж керек. Мен сияқты үлкен қарызға кіріп, содан шығатын жолды тапқан кім бар екен деп іздестіре бастадым. Сөйтіп Саидмурод Давлатов туралы естідім. Ол кісінің жүзбе-жүз консультациясы сол кезде 500 доллар тұрады екен. Бір сағаты… Қарызға 500 доллар тауып, алдына бардым. Уақыт бір сағат емес, екі сағатқа ұласқанда қипақтай бастадым. Қалтамда 500 ғана бар ғой. Бірақ ол кісі соңында «мен сенен ақша алмаймын, сен — болашақ миллионерсің, тек 15 000 долларға курсымды сатып ал» деді. Сол кезде мен не ойладым, білесіз бе? «Курсын сату үшін мені миллионер деп алдап тұр» деп ойладым. (күлді)

-Курсты сатып алдыңыз ба?

-Иә, қарызға ақша тауып, курсты алдым. Әке-шешем, таныстарым бәрі «басың істей ме? Өзің қарызданып жүріп осынша ақшаға курс сатып алғаның не?» деп мені түсінбеді.

-Тәуекелшіл екенсіз. Қалай қорықпадыңыз? Мойныңызда миллиондаған қарыз…

-Менің ерекшелігім де осында шығар. Өмірде өте тәуекелшіл адаммын. Бизнесменге осы қасиет өте қажет деп ойлаймын. Ойланып, қорқақтап отыра берсең, бір орыннан жылжымайсың.

-Сонымен, курсты салып алдыңыз. Қандай пайдасы тиді?

-Курстан көп білім алдым. Команда құру,масштабқа  шығу, инвестор тарту… яғни долларовый миллионер болудың тетіктерін меңгердім. Аллаға шүкір, сол білімнің арқасында бизнесім жаңа деңгейге көтерілді. Табысым еселеніп, бүкіл қарыздарымнан құтылдым. Ұстаздарыма жүрген жерімде алғысымды айтып жүремін. Сол алған білімдерім мен жинаған тәжірибелерімнің арқасында арманымдағы «Q4tilpar» компаниямды құрдым. Қазіргі уақытта елімізде 17, Өзбекстанда 4, Дубайда 1 филиалымыз жұмыс істеп тұр. Бизнесмендерді оқытатын «Q4reket» менторлық курсым да бар. Түлеп шыққан шәкірттерім қазір мықты-мықты кәсіптің тізгінін ұстап отыр. Сондықтан білімге ақша салудан тартынбау керек. Ол өз жемісін береді. Сосын тағы бір айтарым, бизнесмен болу үшін сыртты емес, алдымен ішті байыту керек. Әлі күнге дейін есімде, басында біздің де біліміміз төмен, бірақ кәсіпкерміз деп кеуде ұрып тұрған кезіміз болды. Қымбат дүкеннен барып 7-8 млн.-ға сықиып киінгенім есімде. Кейін алдымен сыртты емес, ішті жалтырату керектігін түсіндім. Яғни, ең әуелі біліммен баю қажет.

-Талғат мырза, сіздің меценаттығыңызды білеміз. Ауылды көтеріп жұрген азаматтардың бірісіз. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың аманатын орындап, спорт кешенін салғызып жатырсыз. Жомарттық жолды ашады дегенге сенесіз бе?

-Әрине, сенемін. Бірақ жақсылықты жолым ашылсын деп жасамаймын. Мен былай ойлаймын…. кез келген азаматта ұлы мақсаттар болу керек. Ол тек қана отбасымды қалай асыраймын, қалай оларға жағдай жасаймын деп жүрмеуі керек. Еліме, жеріме қалай пайдамды тигізем деген оймен де күнде  оянуы керек. Қазақ кәсіпкерінің бойында қазақи рух болу керек. Мен өз елімнің патриотымын. Сондықтан үнемі  елім үшін не істей аламын деген ойда жүремін. Алдағы уақытта өз елімізде автомобиль шығарсақ деген арманым… жоспарым бар. Алла бұйыртса, сол кезде тағы бір рет сізге сұхбат беремін. \күлді\

-Келістік! Танымай кетпеңіз бірақ… әзіл ғой… Талғат мырза, инстапарақшаңызға кірсем, шулатып жатыр екенсіз. 24- желтоқсан күні не болғалы жатыр?

-Тренингім болғалы жатыр. Жүріп өткен еңбек жолымды бір екшеп, жеткен жетістіктерімді қорытындылап, бір жағы есеп беру кеші секілді, ал екінші жағынан қазақтың қыз- жігіттерін білімге, кәсіпке шақыру мақсатында… Маған жекеме көп сұрақ келеді. «Бірдеңе істеу керек?  Неден бастасам болады? Қай кәсіп түрін қолға алайын? Нишамды қалай табамын? Кәсібім бар, бірақ жүрмей жатыр? Кәсібімді қалай масштабқа шығарамын?» деген сияқты… Міне, сол сұрақтардың барлығына қатысушылар сол 24-желтоқсан күні болатын тренингте жауап табады. Содан кейін тағы бір айтарым, адам жақсы ортаға ұмтылу керек. Қазір жүрген ортаңыз сізді оздырып жатыр ма, тоздырып жатыр ма, ойланыңыз. Егер ол орта өсек айтатын, алдап-арбайтын, ішіп-шегетін, бос жүріспен айналысатын кері орта болса, қашыңыз. Өсетін, дамитын ортаға ұмтылыңыз. Біздің тренингте сіз сондай ортаға тап боласыз. Мақсат қоясыз. Сол мақсатқа жету үшін бойыңызда жаңа күш-қуат, сенімділік, өмірге деген құштарлық пайда болады. Сондықтан таңдау өзіңізде. Нені таңдайсыз, соған сай өмір сүресіз.

— Көп рахмет сізге! Қарызы бар адамдар үшін де, кәсіп бастағысы келіп жүрген жандар үшін де пайдалы сұхбат болды деп ойлаймын. Талғат мырзаның парақшасына жазылып, тренинг жайлы толық ақпарат алсаңыздар болады.  

Жаңалықтар | Новости