Вторник, 14 мая, 2024

Басқада

Үздік студент-спортшылар анықталды!

2023 жыл студенттік спорт үшін жемісті, әрі жеңісті жыл болды. Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада, Қытайдың Ченду қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиада еліміз үшін өте сәтті аяқталды. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Университеттік спорттың халықаралық фестивалі мен Түркістанда  өткен II Түркі мемлекеттерінің универсиадасында да студент-спортшыларымыздың жеткен жетістіктері мен спорттық көрсеткіштері аз емес.  

Сонымен қатар, студенттердің кешенді жарысы болып саналатын Республикалық жазғы Универсиада Ақтау қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спорт түрлері бойынша «Студенттік лига» жарыстары да талапқа сай өткізілді.

Студенттер спорты жылдан-жылға бұқаралық сипатқа ие болып, қарқынды дамып келеді.

Осы орайда, елімізде тұңғыш рет жылдың ең үздік, ең таңдаулы студент-спортшыларын марапаттау мақсатында «СҰҢҚАР 2023. Стуенттік спорттың жұлдыздары» республикалық байқауы өтті.  Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті Қайрат Закирьяновтың игі бастамасымен өткізілген бұл маңызды шара – студент-спортшылардың айтулы мерекесі.

«Сұңқар 2023» байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар мен студенттер спортына қатысты азаматтар мен спорт жанашырлары жиналды. Атап айтсақ, есімдері аңызға айналған Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Жасұлан Қыдырбаев, Амангелді Кәрмен бар. Арнайы Астанадан үздіктерді марапаттауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы келіп, студент-спортшыларға толағай табыстар тіледі.

Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті, профессор Қайрат Закирьянов: «Спорттағы үлкен жетістіктер – студенттер спортынан бастау алады. Студенттерді спорты жыл сайын мемлекетіміздің қолдауымен жақсы дамып келеді» деді.

Алғаш рет өткізілген «Сұңқар» студенттік спорты байқауы енді  дәстүрлі түрде екі жылда бір ұйымдастырылмақ. Сұңқардайын самғап, алдағы жарыстарда олжа салуына рух беру мақсатында ұйымдастырылған бұл кештің маңызы жыл өткен сайын арта түспек. «Сұңқар 2023» арнайы сыйлығын жеңіп алған бүгінгі марапат иелерін құттықтаймыз. Қазақ спортын дамыту жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

Студенттік спорттың жыл қорытындысы

«СҰҢҚАР-2023. Студенттік спорт Жұлдыздары»

Республикалық байқауының номинациялары

«Ұлттық құндылық»  – Олжас Сүлейменов

«Спорттағы дәуір» —  Хван  Май  Ундеевич

Спорт аңызы»  — Дәулет Тұрлыханов

Спорттық ғылымдағы жетістіктері үшін  — Авсиевич  Виталий  Николаевич

Үздік ректор  – Ахметов Берік Бақытжанұлы (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті)

Үздік спорттық клуб  – Х.А.Яссауи атындағы халықаралық  қазақ-түрік университеті

Үздік баспасөз қызметі  – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі

Үздік спорт журналист  – Жандос Айтбай (Хабар);

Телжан Күдеров (Qazsport)

Қысқы спорт түрлерінен үздік тәлімгер-жаттықтырушы  –                           Мухин Александр Николаевич

 Жазғы спорт түрлерінен үздік тәлімгер-жаттықтырушы  –

Усенов Анвар Бисенович

 Үздік студент-спортшы  – 12 спортшы:

  1. Вадим Куралес — Биатлон — алтын (15 км, инд.) — Қазақ спорт және туризм академиясы — Лейк-Плэсид 2023 Дүниежүзілік Қысқы Универсиадасы (АҚШ)
  2. Милад Карими — спорттық гимнастика — «Алтын (көлденең жолақ), күміс (еден жаттығулары), қола (тірек секіру)» — Қазақ спорт және туризм академиясы — Чэнду 2021 Дүниежүзілік жазғы Универсиадасы (Қытай)
  3. Нұрзат Сәлімбаев — Дзюдо — алтын (66 кг) — М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті — II түркі ойындары, Түркістан
  4. Айдар Арапов — дзюдо — алтын (90 кг) — Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті — II түркі ойындары, Түркістан
  5. Дәулет Әмірхан — еркін күрес — алтын (57 кг) — Қазақ спорт және туризм академиясы — II түркі ойындары, Түркістан
  6. Санжар Мұхтар — еркін күрес — алтын (65 кг) — М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті — II түркі ойындары, Түркістан
  7. Дәулет Ергеш — еркін күрес — алтын (79 кг) -Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті — II түркі ойындары, Түркістан
  8. Әкежан Айтбеков — еркін күрес — алтын (97 кг) — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — II түркі ойындары, Түркістан
  9. Асаухат Мұхамадиев — грек-рим күресі — алтын (63 кг) — М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті — II түркі ойындары, Түркістан
  10. Әсетұлы Сұлтан — грек-рим күресі — Алтын (67 кг) — Қазақ спорт және туризм академиясы — U23 күресінен әлем чемпионаты, Тирана (Албания)
    1. Курбаев Исхар — грек-рим күресі — Алтын (55 кг) — Қазақ спорт және туризм академиясы — U20 күресінен әлем чемпионаты, Амман, Иордания
    2. Рахмонова Сора Бахтибойқызы — қоян-қолтық ұрыс — Алтын — Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті — Әлем чемпионаты

Жаңалықтар | Новости