Понедельник, 29 апреля, 2024

Басқада

Алматылық белсенді жастар қарттар үйіндегі қарияларды жаңа жылмен құттықтады

Алматыда «QAMQOR CHARITY» ҚҚ еріктілері мереке қарсаңында «Алтын жүрек» қарттар үйіне арнайы барып, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара қарттарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қызықты уақыт өткізіп, қариялардың көңілдеріне қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп қазақ халқы қарияларды ерекше құрметтеп сыйлаған. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жалғыз басты зейнеткерлердің көңіл күйлерін көтеріп, қуаныш сыйлағымыз келді. Осындай шараларды біз жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Мереке қарсаңында біз ата-әжелерімізге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және ерекше мұқтаж жандарға үнемі көңіл бөлуге тырысамыз, деді сөзінде Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Іс-шарада волонтерлер концерттік бағдарламадан бөлек, қарттарымызға сыйлықтар табыстап, мерекелік дастархан жайып, жылы лебіздері мен тілектерін арнады. Қарияларымыз қуанышын жасыра алмай, волонтерлерге алғыстарын білдіріп жатты.

Жаңалықтар | Новости