Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Облыс орталығында Түркістан облысы ПД полицейлерінің гарнизондық байқауы өтті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс орталығы — Түркістан қаласындағы алаңда Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қызмет атқаруға дайындығын тексеру бойынша гарнизондық байқау өтті.
Байқауға полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, аппарат басшылығы, полиция бөлімшелерінің жеке құрамы мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.

Тексеру барысында тәртіп сақшыларының сыртқы келбетіне, жетондар мен қызметтік куәліктерінің болуына, қызметтік автокөліктің техникалық жағдайына баса назар аударылды. Сондай-ақ полиция мен әскери қызметшілерге қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.

Живн соңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері салтанатты шерумен өтті.

Өз кезегінде қызметкерлер жаңа жыл мерекесі мен демалыс күндері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke